Дэвис кубогі: Қазақстан – Ұлыбритания кездесуіне дайындық қызды

Ұпай алып қалатын соңғы мүмкіндік. Ұлыбританияның Глазго қаласында теннистен Дэвис кубогі өтіп жатыр және Қазақстан құрамасы бұл жолы жергілікті командамен жолығады.

Айта кету керек, бұл топтық кезең аясындағы соңғы матч. Осының алдында қос команда да қарсыластарына есе жіберіп, турнир тізімінің соңғы сатыларына жайғасты. Жалпы «Д» тобында Қазақстан мен Ұлыбританиядан бөлек, Нидерланды және АҚШ құрамалары бар. Кейінгі екеуі финалға жолдама алып қойды. Енді жерлестеріміз  алаң иелерімен сынға түсіп, көрсенткішін жақсартуға тырысады. Өйткені, бұл жарыста әр кездесудің нәтижесі жалпы рейтингке тікелей әсер етеді. Осы мақсатта Юрий Щукин бастаған жігіттер қазір жарыс алдындағы дайындықты пысықтап жатыр және жеңіске жетуге деген сенім жоғары.

Юрий Щукин, теннистен ұлттық құраманың капитаны:

Жігіттер тас түйін дайын. Биылғы бәсеке оңай болмайтыны о баста түсінікті еді. Өйткені біз әлем үздіктері жиналған топқа түстік. Соған қарамастан, спортшыларымыз барын салып жатыр. Жүптық сындарда жеңіске жеттік. Оның өзі тәуір нәтиже. Енді ақтық сында аянып қалмаймыз. Қазақстандық жанкүйерлерге қуаныш сыйлаймыз деген ойдамын.