Геннадий Головкиннің жанкүйерлері Елордамыздың орталық алаңдарына да жиналып GGG мен Канело арасындағы трилогияны күтіп отыр

Тақымдарын қысып, тек қана жеңіс күтіп отырған Геннадий Головкиннің жанкүйерлері Елордамыздың орталық алаңдарына да жиналып GGG мен Канело арасындағы трилогияны күтіп отыр.

Ал, Лас-Вегаста Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінің андер-кардында жерлесіміз Әли Ахмедов америкалық боксшы Габриэл Росадоны жеңді. Бұл Әлидің кәсіпқой бокстағы 19-шы жеңісі. Сүйінші хабарды естіген біздер де Геннадиге жұғысты болсын деп тілейік. Жалпы Генаның жанкүйерлері Астанамыздағы ҚазМедиа орталығына да көп келді. Қазір сол жерден бізбен тікелей байланысқа тілшіміз Айдана Үсенбай шыққалы тұр. Айдана жанкүйерлердің көңіл-күйі қалай?