Қазақ елі мен әлемнің бокс жанкүйерлері көптен күткен жекпе-жек аяқталды. Әрине шаршы алаңнан тыс отырып түрлі пікір айтуға болады.
Бірақ бұл жолы жекпе-жек қалай өткенін көзі қырағы көрермен көрді. Әрине бапкерлер де, сарапшыларда, спортшыларда бұл жекпе-жекке өз бағасын береді. Дегенмен Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің кезекті тартысты жекпе-жегі аяқталды. Канело жеңді. Екі спортшы шаршы алаңда барын салып өз өнерлерін көрсетті. Тақым қысып жеңіс күткен жанкүйердердің үміті ақталмады. Дегенмен еліміздің және әлемнің мыңдаған жанкүйері кезект рет бокстың керемет бір жекпе-жегін тамашалады. Айта кеткен жөн GGG мен Канело төртінші рет кездесіп қалуы әбден мүмкін. Бүгін елордамызда және еліміздің өзге қалаларында тікелей көрсетілімдер ұйымдастырылды. Таңнан бері бізбен байланысқа шыққан тілшіміз Айдана Үсенбай ҚазМедиа орталығында байланысқа шығуға дайын. Айдана сіз байланыстасыз ?