Қазақстан – Беларусь матчына дайындық қызды

Қазақстан құрамасы үшін шешуші күн. Бүгін футболдан ұлттар лигасы жалғасын табады және оның аясында біздің жігіттер Беларусь командасымен жолығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, қос команда бұған дейін сырт алаңда кездесті және матч 1:1 есбемен аяқталған болатын. Енді елордадағы қарымта ойында екі тарапқа да жеңіс ауадай қажет. Өйткені дәл осы кездесу топтағы жалпы жағдайға тікелей әсер етеді. Қазақстан құрамасы әзірге 10 ұпаймен бірінші келеді. Одан кейін Словакия мен Әзербайжан тұр. Сәйкесінше, еншілерінде 6 және 4 ұпайдан бар. Беларусь 2 ұпаймен ең төменге орынға жайғасты. Қазір командалар Астанаға жиналып, матч алындағы дайындықты пысықтап жатыр. Бұл жолы ұлттық құрама үздіктері түгедей келді және баптары да жаман емес. Алдағы матч біз үшін тарихи сәт. Бұндай кезде аянып қалуға болмайды дейді команда капитаны Асхат Тағыберген.

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЛДЫҢҒЫ ОНДЫҚТА 

Қазақстан алдыңғы ондықта. Бірер күн бұрын халықаралық Дэвис кубогінің топтық кезеңі аяталды және соның нәтижесінде ұлттық құрамалардың рейтингі өзгерді. Жаңартылған тізімде жерлестеріміз 10-орында тұр. Бұған дейін 9-сатыда болған. Яғни соңғы мачтардың қорытындысы бойынша 1 деңгейге төмендедік.

Айта кетейік, Юрий Щукин бастаған жігіттер Глазго қаласында Нидерланды, Ұлыбритания және АҚШ командаларымен жолығып, жалпы есепте жеңіске жете алмады. Барлық кездесу 2:1 есебмен аяқталды. Нәтижесінде, өз тобымыздың төменгі сатысына жайғасып, финалдық кезеңге өтпедік. Топ басында 938 ұпаймен Испания тұр. Одан кейін Хорватия және Франция құрамалары келеді. Біздің еншімізде 378 ұпай және осын деңгейдің өзі отандық теннистің дамуына тың серпін беріп, жас таланттардың шығуна көмектеседі дейді спорт сарапшылары.

ӘЛЕМ ҮЗДІКТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ГРАН-ПРИ

Бибісара Асаубаева көрсеткішін жақсартты. Елордада шахматтан әйелдер арасында халықаралық федерациясының гран-приі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті, яғни, төртінші күні ұлттық құрама сапындағы Бибісара Асаубаева ресейлік Александра Горячкинамен жолықты.

Айта кету керек, кейінгісі әлемдік рейтингте жоғары тұр және осы бәсекенің басты фавориті саналады. Қазақ қызы онымен тең түсіп, нәтижесінде жалпы есепте 4-орыннан 3-орынға көтерілді. Ал Александра керісінше, топ басынан түсіп қалды. Бұған қоса, тағы бір қазақстандық Жансая Әбдімәлік германиялық Элизабет Петцпен кездесіп, бұнда да тең есеп тіркелді. Осының арқасында жалпы тізімдегі 6-шы орнын сақтап қалды. Алда әлі 7 тур бар. Астанадағы жарыс 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 80 мың еуроны құрайды.