loader


Хоккейден әлем чемпионаты Қазақстанда өтуі мүмкін

Федерация дүбірлі доданы қабылдауға ресми өтінім берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елімізде мұндай жоғары деңгейдегі хоккей турнирі болмаған. Десе де, дәл қазір бізде мұз үстіндегі тайталасты қабылдауға дайын екі үлкен спорт кешені бар. «Барыс Арена» мен «Алматы Аренаның» алаңы халықаралық стандарттарға толық сай келеді. Турнирді ұйымдастыруға үш ел ниет білдірді. Бізден бөлек, Германия мен Норвегия да белді турнирдің өз елінде өткенін қалайды. Немістер осыған дейін әлем чемпионатын 9 рет қабылдады. Соңғы рет бұл ел турнирді 2017 жылы Францияның Парижімен бірге Кельн қаласында өткізген еді. Ал Норвегия болса бұл бәсекені екі рет ұйымдастырды. Енді соңғы шешімді 2023 жылдың мамыр айында Халықаралық хоккей федерациясы қабылдайды.

Сондай-ақ...