Қызылорда облысының Тереңөзек кентінде волейболдан халықаралық турнир басталды

Бұл мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшер-баевты еске алуға арналған дәстүрлі шара. Турнирге 22 команда, 250 спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ала допты, алақанда иір-гендер 3 партия бойынша өзара мықтыны анықтауда. Спортшылар әуелі топтық кезеңді бағындырып, бағы мен бабы келіскендер, финалдық сайыстарда өнер көрсетеді. Елеу Көшербаев саналы ғұмырында, ел экономикасын нығайтып, мәдениетін өркендетуге айрықша үлес қосқан азамат.

Айтбай Көшербаев, қоғам қайраткері:

- Турнирге қазір есептеп қарасақ 3 жарым мыңнан астам Қазақстан елінің өзінің спортшылары қатысқан екен. Ең бірінші қатысқан жылдың өзінде туған бала қазір 23 жасқа келді. Яғни үлкен еңбек жасалып жатыр. Бүгін осы жастарға еңбек сіңірсек, ертең олар өз кезегінде осы еңбекті жалғастыратынына біз күмәнсізбіз.