«Алматы марафон-2022» спорттық шарасы басталды

Биыл он бірінші рет өтіп отырған дәстүрлі спорттық шараға 30 елден қатысушылар келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, АҚШ, Оңтүстік Корея, Кения, Германия, Испания, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден келген 12 мыңнан аса әуесқой спортшы қатысуда. Арна тілшісі Гүлжан Көленқызы тікелей эфирге қосылып, марафон барысын баяндады.