М. Әуезовтің мерейтойына орай футболдан балалар арасында республикалық турнир өтті

Намыс Кубогі. Дәл осындай атаумен футболдан балалар арасындағы республикалық турнир өтті, деп хабарлайды деп хабарлайды «Хабар 24».

 Астанадағы жарыс Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай ұйымдастырылды. Айта кетейік, ол тек әдебиет пен ғылым саласында ғана емес, қазақ футоблының да дамуына үлес қосқан тұлға. Өйткені 1913 жылы қазақ даласында алғаш рет «Жарыс» командасын құрып,  жартылай қорғаушысы позициясында ойнады. Міне, осыны өскелең толқынға насихаттау және болашақ чемпиондарды қазірден даярлау мақсатында балалар турнирі қолға алынды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 16 команда жиналды. 8 және 9 жастағы өрендер 3 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде жергілікті Айбын командасы барлық қарсыласын ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орын Павлодардан келген «Атлетикке» бұйырса, шымкенттік Намыс клубы үздік үштікті түйіндеді.

Айгүл Қашаева, №87 мектеп-гимназиясының директоры:

- Жарыс қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен балаларға да арнайы сыйлықтар табысталды. Мәселен, Хамза Дәулетұлы – ең үздік ойыншы, Асқар Еркебұлан – ең үздік қақпашы, ал Ислам Досов ең үздік шабуылшы атанды. Шараның басы қасындағылар болса, турнирді жыл сайын тұрақты  ұйымдастырып, аумақымын және қатысушылар тізімін ұлғайтуды жоспарлап отыр.