Грузияда өткен шахматтан әлем біріншілігіне Қазақстан құрамасының 74 ойыншысы қатысты

Өрендердің арасында жас болса да, үлкен жетістіктерге қол жеткізген кейбірі атақ-дәрежеден де құр алақан емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы чемпионатта әлемнің ондаған елінен келген жүздеген шахматшы бақ сынасты.

Георгий Гиоргадзе, Грузия Шахмат федерациясының президенті:

- Ең алдымен, бұл үлкен жетістік: 69 елден 800 адам қатысты. Чемпионат жоғары бағаға ие болды. Балалар көп нәрсе үйренді деп ойлаймын, бұл олар үшін үлкен тәжірибе. 

Ұлдар мен қыздар арасында турнир 15 қыркүйекте басталып, жиырма сегізіне дейін жалғасты. 8, 10 және 12 жасқа дейінгі үш санатта 11 тур өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша,  шахмат - бейбітшілік пен өзара ынтымақтастықтың халықаралық тілі.

Акакий Иашвили, Халықаралық шахмат федерациясының вице-президенті:

- Құрметті достар, қош келдіңіздер. Геосаяси ахуалға қарамастан бүкіл әлемнің балалары Грузияға келді. Турнирды жоғары деңгейде өткізу үшін, ұйымдастыру комитеті құрылып, үлкен еңбек атқарды. 

Топ жарған жүлдегерлер арасында 6 қазақстандық бар. Ең үздік нәтижеге Марк Смирнов жетті. Ол 10 жасқа дейінгі ұлдар арасында екінші орынға ие болды.

Авторы: Юлия Тужилкина