loader

Күрес түрлерінен лицензия алу қиындады

Күрес түрлерінен лицензия алу қиындады

Лицензия алу қиындай түсті. Біріккен күрес әлемі жазғы ойындар жолдамасын таратудың жаңа ережесін бекітті.

Оған сәйкес алғшақы лицензиялық жарыс тура бір жылдан кейін, яғни, 2023 жылдың қыркүйегінде өтеді. О баста жарыс Красноярск қаласында өтеді деп жоспарланған. Бірақ, қалыптасқан жағдайға байланысты оны Будапешт қабылдайтын болды. Міне осы бәсекеде әр салмақ бойынша 5 лицензия берілмек. Бұрын 6-ау болатын. Яғни жүлдеге іліккен 4 спортшы жолдама алады. Бұған қоса кіші финалда жеңілген палуандар өзара1 жолдаманы  сарапқа салады. Кейін, яғни 2024 жылдың басында әр құрлықтық өз чемпионаты өтеді. Сәйкесінше сол жерде әр салмақта 2 лицензиядан сарапқа салынады. Ал олимпиадаға бірер ай қалғанда тағы бір лицензиялық турнир ұйымдастырылып, әр салмқата 3 жоладаманың иесі анықталады. Париж ойындарына бас-аяғы 288 палуан қатысуы қажет. Яғни 18 салмақ дәрежесінің әрқайсысында 16 палуаннан күреседі. Қазақстандық құрама қазірден бастап, жаттығу жиындарын өткізіп, халықаралық жарыстарда шеберлік шыңдап жүр. Соңғы әлем чемпионатынан жерлестеріміз 1 күміс пен 1қола ғана жеңіп алды.

Сондай-ақ...