Астанада «Отбасы дуатлон» спорттық шарасы өтіп жатыр

Балалар жылына орайластырылған мерекелік сайыста 8 бен 13 жас аралығындағы жасөспірімдер ата-анасымен бірге жарыс жолына шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жалпы 4 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтуі тиіс. Әкелер 2 шақырымға жүгірсе, аналар бұл дистанцияны велосипедпен еңсереді. Ал балалар 200 метрге жылдамдыққа жүгіреді. Дәстүрлі эстафеталық турнир соңында ұпайлары қосылып, үздіктері бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сайыстан тікелей эфирге шыққан арна тілшісі Мирлан Алтынбек жарыс барысын баян етті.