Astana Open ATP 500 турнирінің 8-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссим Қазақстанға қайта келгенін қуана жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қазақстанда, Астанада өте жақсы. Мұнда мені және командамды адамдар жылы қабылдады. Олардың бәрі де қайырымды, қонақжай екен. 2018 жылы Алматыда челленджер турнирінде ойнағаным есімде. Онда мен 18-де ғана едім, ұмытпасам, алғашқы айналымда ұтылып қалдым, тек қарсыласым есімде қалмапты», – деп ойын айтты теннисші.
Сондай-ақ ол Astana Open ATP 500 жарысының құрамы өте күшті екенін және мен мұнда барынша сәтті өнер көрсетуге тырысатынын жеткізді. Мықты ойыншыларды да мойындады.