Елордада Медиа футбол лигасының финалы басталды

Бұл турнирде еліміздің танымал спорт жұлдыздары, актерлер, әншілер мен блогерлер бақ сынасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізі жарыс қыркүйектің ортасында басталған болатын. Бүгін турнирдің ақтық кезеңі өтіп жатыр. Дәл қазір ойын алаңынан әріптесім Риат Шони тікелей эфирге шығып, ақпаратпен бөлісуге дайын.