Елордада Медиа футбол лигасының финалы аяқталды

Ақтық кезеңде өнер көрсеткен «Спарта» командасы Мұзбалақ құрамасынан басым түсіп, чемпион атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғанымен, матчтан кейінгі пенальти сериясында Спартта жігіттері айлаларын асырды. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған ауқымды жобаның жеңімпазы атанды. Жалпы бұл турнир қыркүйек айының ортасында басталған болатын. Жарыста 8 команда өнер көрсетті. Құрамалар сапында танымал спорт жұлдыздары, актерлар, әншілер мен блогерлердан жасақталған. Олар өз аудиториясын салауатты өмір салтын ұстануға шақырып жүр.

Әлішер Ислам, Медиа футбол лигасының жетекшісі:

- Келесі маусымға жоспар бойынша 10 команда деп ойланып отырмыз. Қырғызстан мен Өзбекстаннан командалар бар. Тағы негізі бізде спонсорлармен келісім бойынша чемпион болған командаға Ресейдегі  Медиа футбол лига чемпионымен ойын ұйымдастырамыз ба деген ой бар.