loader


Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық спортшылар 8 медаль ұтты

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық спортшылар ел қоржынына 3 алтын,3 күміс және 2 қола салды.

Атап айтсақ, қазақ күресінде палуандарымыз алты бірдей жүлдеге қол жеткізіп, ел мерейін үстем етті. Дүбірлі додада 60 келі салмақта Марат Нығматуллаев алғашқы алтынын жеңіп алды. Ол финалда моңғолдың балуанын 2 минутта «таза жеңіс» әдісіне түсірді. Ал бұрымды балуандардан Зарина Сарипова қарсыластарынан озып шықты. Осылайша алтын медальге ие болды. Сондай-ақ көкпаршыларымыз да жақсы нәтиже көрсетті. Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен ойнап, 8:1 есебімен жеңіске жетсе, екінші ойынды Моңғолия құрамасымен өткізіп, 12:2 есебімен финалға шықты. Ақтық мәреде Қырғызстанның көкпаршыларымен кездесіп, жеңісті қолдан бермеді.

Сондай-ақ...