Қостанайда еркін күрестен турнир өтті

Еркін күрес шеберлерінің бәсекесі. Қостанайда дәл осы күрес түрінен белгілі жаттықтырушы Өтебек Бекбосыновтың құрметіне арналған республикалық ашық турнир өтті.

Бозкілемде еліміздің әр өңірімен қатар Қырғызстан және Тәжікстаннан келген 10-15 жас аралығындағы балуандар белдесті. Тоғызыншы рет өткен бәсеке жоғары мәртебеге ие. Талай спортшының биік шыңнан көрінуіне септігін тигізді. Осы күнге дейін онға жуық ұл Қазақстан және  Азия чемпионы атанды. Әдеттегідей бұл жолғы додада үздік шыққандар ел біріншілігінің жолдамасын иеленді.

Өтебек Бекбосынов, спорт ардагері:

– Қостанай облысында еркін күрестің деңгейі жоғары. Бүкіл 9-10 ауданда еркін күрес Қостанай, Рудный қаласында. Бұрын мысалы 1973 жылдары штатный бапкер болмаған. Ал қазір ДЮСШ-лар бар. Деңгейі жақсы көтеріліп келе жатыр.