Ташкент дзюдодан әлем чемпионатын қабылдайды

Әлем үздіктері Ташкентке жиналды. Өзбекстан астанасы дзюдодан дүниежүзілік доданы қабылдайды.

Байрақты бәсеке бүгін басталады және қатысушылар арасында өзіміздің қыз-жігіттер де бар. Қазақстан құрамасы 17 салмақта өнер көрсетеді. Яғни, ерлер арасында 7, әйелдер арасында 8 спортшымыз бағын сынайды. Әсіресе, олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов, әлем чемпионатының жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, азия біріншілігінің  финалына шыққан Абиба Абужақынова сияқты спортшылардан үміт зор.

Айта кетейік, Елдос Токио Олимпиадасынан кейін жылға жуық уақыт халықаралық жарыстарға қатыспаған еді. Байрақты бәсекенің өзі 13 қазанға дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 1 млн еуроны құрайды.