Футболдан ел біріншілігінде «Астана» «Ордабасын» ірі есеппен жеңді

Футболдан ел біріншілігінде «Астана» «Ордабасын» ірі есеппен жеңді
ҚазАқпарат

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 22-турының екінші ойын күніндегі төрт кездесудің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордалық «Астана» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» клубын 6:0 есебімен жеңді. Ойын барысында Марин Томасов 47-минутта есеп ашса, одан кейін Абат Айымбетов 57, 59-минуттарда қос голдың авторы атанды.

Одан кейін Денис Поляков 61, Педро Эуженио 93, Абзал Бейсебеков 94-минуттарда мергендік танытты. Сондай-ақ «Атырау» өз алаңында Алматының «Қайратына» 1:2 есебімен жеңілсе, Қарағандының «Шахтері» мен Түркістанның «Тұраны», «Тараз» бен Петропавлдың «Қызылжары» 0:0 есебімен тең түсті.