Ж. Әлімханұлы: Қарсыласымды нокаутқа жіберемін

Жекпе-жекке тура бір айқалды. Ал мен қазірден қарсыласымды нокаутқа жіберуге дайынмын.

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кезекті кездесуі алдында твиттердегі парақшасына осындай жазба қалдырып, арты үлкен пікірталасқа ұласты. Жәнібек жаттығудың жоспар бойынша жүріп жатқанын алға артады. Сәйкесінше қарсыласы Дензел Бентлиге кездесу кезіндек ақ орамал лақтыруға дайындалуын ескертті. Британдық боксшы да үнсіз қалмады. Ол Жәнібектің стилін толық зерттегінен және алдағы жекпе-жек оңай болмайнын сөз қылды. Айта кетейік, қос мықты 12 қарашада Лас-Вегас қаласында жұдырықтасады. Қарсыласы бүгінге дейін 19 жекпе-жек өткізіп, оның 17-ісінде жеңіске жеткен. 1-еуінде тең түскен. Дензел WBO тұжырымы бойынша чемпиондық белдікке үміткерлер тізімінде 14-ші тұр. Ал Жәнібек осы белдіктің иегері және чемпион ретінде алғаш қолғап түйістіргелі тұр. Қазақстандық боксшы бүгінге дейін 12 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Тіпті, 8-і уақытынан бұрын аяқталды.

Сондай-ақ...