БҚО-да қазақ күресінен облыстық турнир ұйымдастырылды

Жас палуандар ауылда бас қосып, өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Батыс Қазақстан облысының Бейбітшілік елді мекенінде жергілікті спорт жанашыры Бейбіт Асановтың құрметіне қазақ күресінен облыстық турнир ұйымдастырылды. Оған аймақтың түкпір-түкіпінен 170-тен аса спортшы жиналды. Бас-аяғы 15 команда 2 күн бойы сынға түсті. Жарыс 2009-2010 және 2012-2013 жылы туылған балалар арасында болды. Бастама жас таланттарды анықтап, олардың республиуалқ және халықаралық жарыстарқа қатысуына жол алу үшін қолға алынды. Басқа жағынан ұлттық спортымызды кеңінен насихаттауға көмектеседі дейді мамандар. Сәйкесінше алдағы жылдары оны тұрақты өткізу жоспарланып отыр.