Айзада Мүптілда ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

 

Бахрейн астанасы – Манама қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада Айзада Мүптілда әйелдер арасында 87 келі салмақта сынға түсті.

Қоссайыстың қорытындысымен ол 277 келіні (жұлқуда 120, серпуде 157 келі) бағындырды. Осылайша Азия чемпионы атанды. Аталған салмақта қола медаль тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчукке бұйырды.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай чемпион атанды.