Азия чемпионаты: Ауыр атлетикадан қоржынға 1 алтын мен 1 қола түсті

Айзада Мүптілдә – Азия чемпионы. Дәл қазір Бахрейнде ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні аса ауыр салмақтағы бәсекелер болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе әйелдер арасындағы сында ел намысын Айзада Мүптілдә мен  Любовь Ковальчук қорғаған еді. Алғашқысы қоссайыс қорытындысы бойынша 277 келіні басынан асырып, жалпы тізімде топ бастады. Ал Любовь Ковальчук 266 келі көрсеткішімен қола жүлдегер атанды. Күміс медаль Индонезия қызына бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін жеңіл салмақтағы Зульфия Чиншанло да чемпион атанған болатын. Ал ерлер арасында 89 келідегі Асылжан Бектай алдына жан салмады. Бұған қоса, ұлттық құрама сапындағы  Арли Чонтей мен Арай Нұрлыбекова  күміс, ал Аиша Омарова қола жүлдеге қол созған болатын.