Алматыда алғаш рет семсерлесуден әлем кубогінің жасөспірімдер кезеңі өтеді

Алматыда алғаш рет семсерлесуден әлем чемпионатының кіші кезеңі өтеді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Almaty Jastar Saber Cup 5-6 қараша аралығында өтеді. Жарысты SADU Arena ұйымдастырады. Бұған дейін Астанада Республика күніне арналған семсерлесуден «Астана қылышы» турнирі өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Жарысқа Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларынан командалар қатысуда.