Елордада семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтті

Елордада семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтті

Ел үздіктері анықталды. Елордада семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, жарыс алдағы республика күніне орай арнайы ұйымдастырылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден аса спортшы жиналып, бір апта бойы өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде жалпы есепте Алматы және Астана командалары топ бастады. Әсіресе Егор Савченко, Аманжан Сейітжан, Әлисұлтан Білеш сияқты спортшылар жақсы өнер көрсетіп, спорт мамандарының жоғары бағасын алды. Қыздар арасында Хава Умаева, Дәмелі Диясқызы, Алуа Тілеуова және Жамиля Нұғымановаларды ерекше атап өтуге болады. Турнирдің өзі семсерлесудің 3 түрі бойынша өтті. Ал соңғы күні командалық сындар болды. Жеңіс тұғырына көтерілген спортшылар алдағы ел чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Еске сала кетейік, «Астана қылышы»  2011 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Ал алдағы жылы осы тәжірие негізінде Астанада алғаш рет жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатын өткізу жоспарланып отыр.