Алматылықтар спорт түрлерінен тегін шеберлік сабағына қатысты

Алматылықтар дзюдо, грек-рим күресі, баскетбол, футбол сияқты спорт түрлерінен тегін шеберлік сабағына қатысуға мүмкіндік алды.

Республика күніне орайластырылған ALMATY SPORT FEST шарасында Елдос Жұмаханов, Асу Алмабаев, Фаниль Рафиков сынды белгілі спортшылар тәжірибелерімен бөлісті. Келушілер өздеріне ыңғайлы спорт түрлерінен дәріс алып, кәсіби спортшылармен бірге жаттықты. Мақсат – тұрғындарды бұқаралық спортпен шұғылдануға үндеу, дейді ұйымдастырушылар. 

Ержан Саурықов, мәдени-спорт кешенінің директоры:

- Бұл ашық есік түрінде ұйымдастырылған жаңа форматтағы спорт фестивалі. Бір күн бойы алматылықтарға 20-ға жуық спорт секциясын көрсетіп,денсаулықтың кепілі саналатын спортты серік етуге үндейміз. Ал ең бастысы, бұл жерде спорттың қыр-сырымен бөлісу, тәжірибе алмасу және бір-бірімен танысып, достасуға мүмкіндік мол.