ЧЛ: «Барселона» жарыстан шығып қалды

Барселона жарыстан шығып қалды.  Футболдан УЕФА чемпиондар лигасының топтық кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кезекті 5-турдан кейін плей-оффтың тағдыры шешіліп қойды деуге болады. Әсіресе «С» тобында ойнап жатқан Барселонаның жолы болмады. Котолондық клуб күні кеше өз алаңында мюнхендік Баварияны қабылдаған болатын. Қонақтар ә дегеннен басымдықты өз қолдарына алып, бірінші кезең соңына дейін екі доп соғып үлгерді. Авторлары - Садио Мане және Эрик Шупо-Мотинг.

Юлиан Нагельсман баптайтын жігіттер екінші кезеңде де қарқынды жоғалтпады. Матч соңына қарай Бенжамен Павар мергендігімен көзге түсіп, қорытынды есепті 3:0-ге жеткізді.

Осылайша, «Барселона» екінші жыл қатарынан Чемпиондар лигасының топтық кезеңінен әрі аса алмады.

Жалпы испаниялық клубтардан биыл Реал ғана плей-офф-қа шықты. Ал Атилетико күні кеше Байермен тең түсіп, өз тобының үшінші сатысына төмендеді. Одан бір саты жоғары тұрған Порудан 4 ұпай артық. Яғни Атилетико үшін де чемпиондар лигасы осы жерден аяқталды. 5-тур аясында Тотенхем мен Спортинг те тең түсті. Ал Аякс-Ливерпуль және Наполи-Рейнджерс кездесулерінде 3:0 есебі тіркелді.

ЧЛ: «ҚАЙРАТ» ПЕН «ХАЛЛЕ-ГООИК» ТЕҢ ТҮСТІ   

«Қайрат» «Халле-Гооикпен» тең түсті. Футболдағы чемпиондар лигасымен паралель футзалдағы чемпиондар лигасы да өтіп жатыр. Алматылық «Қайрат» негізгі кезеңдегі алғашқы матчын Бельгияда өткізді. Есепті алаң иелері ашты. 5-минутта Франк Елович мергендігімен көзге түсті. Араға 10 минут салып Руис Лавратти таразы басын теңестірген. Матч соңына қарай бельгиялық клуб тағы да алға шыққан еді. Бірақ, ең соңғы минуттарда Дәурен Тұрсағұлов мүмкіндігін мүлт жібкермей, қорытынды есепте 2:2-ге жеткізді. Дәурен өз командасын жеңілістен сақтап қалды деуге де болады. Өйткені, ол қақпашының орнынына, яғни, 5-ойыншы болып шыққан еді. Енді Рикордо Кака бапртайтын жігіттер испаниялық «Пальма» клубымен жолығады. Матч бүгін өтеді.

Рикардо Кака, «Қайрат» клубының бас бапкері:

«Қайрат» басты фаворит саналды. Жалпы біздің клуб кез-келген турнирде жеңіске жете алады. Оны талай дәлелдедік. Бірақ, бүгінгі қарсыластарымыз да осал болған жоқ. Олар өз алаңдарында ойнады. Тең нәтиже жаман емес. Өткен жылы да осылай бастағанбыз. Ары қарай қарқынды күшейте береміз.

30 раундтық спарринг қалды. Жекпе-жекке дайындық қызу жүріп жатыр. Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кезекті кездесуі алдында жаттығудың барысы мен алдағы жоспарлары жайында айтты. «Бұл шоуда қарсылас барын салады. Себебі оған чемпион болу мүмкіндігі туып тұр. Біз оны толық зерттедік. Осал тұстарын анықтадық. Құдай қаласа, жеңісті күндерде жолығайық!» – дейді Жәнібек. Айта кетейік, жерлесіміз 12 қарашада Лас-Вегас қаласында британиялық Дензел Бентлимени жолығады. Қарсыласы бүгінге дейін 19 жекпе-жек өткізіп, оның 17-сінде жеңіске жеткен. біреуінде тең түскен. Дензел WBO тұжырымы бойынша чемпиондық белдікке үміткерлер тізімінде 14-ші тұр. Ал, Жәнібек осы белдіктің иегері және чемпион ретінде алғаш қолғап түйістіреді. Жерлесіміздің көрсеткіші 12 жекпе-жек, 12 жеңіс. 

Бокс кешін «Хабар» арнасы тілкелей эфирде көрсетеді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВЕЛОШЕРУ ЫСТАМБҰЛҒА ЖАҚЫНДАП ҚАЛДЫ 

Стамбұлға жақындап қалды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық велошеру мәресіне жетуі жақын.Оның авторы Ернат Мелсұлы бүгінге дейін Қазақстан, Грузия және Түркия жерлерін басып өтіп, күні кеше Бурса қаласына барып тоқтады. «Нәр татпастан 112 шақырым жүрдім. Бұл жеке рекордым»,- дейді Ернат. Осы сапар барысында 15 мәрте дөңгелегі жарылған. Соған қарамастан велошеру жоспар бойынша жүріп жатыр. Яғни, ол дәл осылай 55 күнде 5555 шақырымды еңсеруі керек. Ернат 29 қазан күні Стамбұл қаласына жетуді көздейді.

Айта кетейік, елордалық әуесқой шабандоз бұл сапарын 5 қыркүйекте бастаған болатын. Тоқтаған жерлерінде ұлт ұстазының еңбегін насихаттап жүр. Бұған қоса жергілікті халықтың тұрмысы мен тарихы жайында әлеуметтік желіге қазақ және ағылшын тілдерінде ақпарат жариялайды. 

Сондай-ақ...