Елімізде паралимпиадалық спорт түрлеріне ақша аз бөлінеді

Паралимпиадалық спорт түрлеріне ақша аз бөлінеді.

Мысалы, Жамбыл облысында жыл бойы өтетін шараларға небәрі 25 млн теңге бөлінген. Спорттың он үш түрін насихаттау үшін бұл тым аз-дейді бапкерлер. Одан бөлек, елімізде ұлттық классификаторлар жоқ. Әлемдік   аренада ел намысын   қорғап жүрген мүмкіндігі шектеулі спортшыларға неге қолдау аз? Тараптармен тілшіміз тілдесті.

«Дене мүмкІндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» 2013 жылы жұмысын бастаған. Бүгінде 290 спортшыны спорттың 13 түрінен дайындайды. Осы уақытқа дейін шағын клуб 11 паралимпиада және сурдлимпиада ойындарының жеңімпаз, жүлдегерлерін шығарды. Мекеменің жетістігі көп болса да, қаржы тапшылығы бар. Спорттық шараларға  жылына  небәрі 25 млн теңге бөлінеді.

Саттар Бейсембаев, дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының басшысы:

- Спорт клубтың қаражаты тек республикалық ресми жарыстарға жеткілікті. Ал халықаралық жарыстарға біз облыстық спорт басқармасы тарапынан барамыз. Дегенмен, қаржы бәріне жете бермейді. Жылдан жылға үздік спортшылар көбейіп жатыр. Сандар өсіп жатқаннан кейін  оларға бәрін қамтуға бізде мүмкіншілік жоқ. Сол үшін біз кейбір спортшылар санын қысқартамыз.

Мүмкіндігі шектеулі спортшының тағы бір мәселесі – медициналық классификациядан өту. Ол үшін спортшы шет елдік мамандарға жүгінуге мәжбүр. Себебі елімізде халықаралық лицензиясы бар ұлттық классификаторлар жоқ.  

Саттар Бейсембаев, дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының басшысы:

- Спортшы ұлттық құрама команасының сапына кіру үшін, ол шет елге шығып міндетті түрде медициналық классификациядан өтуге тиісті. Онсыз ары қарай оған ешқандай жарысқа қатыса алмайды. ++ 2 жарым милион бір спортшыға жолы бар тамағы бар жататын орыны бар, классификациясы бар сол қаржы кетеді.

Шешімін күткен мәселе сурдлимпиада спортында да бар. Эвелина Егембердиева биыл  Бразилияда өткен сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері. Спортшының жеңісі үшін мемлекет 1 бөлмелі пәтер беруі тиіс  еді дейді анасы. Бірақ коммандалық спортта медаль алдың  дегенді желеу еткен министрлік,  мемлекеттік сыйақыға  лайық деп санамаған. 

Наталья Свиридова, қала тұрғыны:

- Мемлекеттен берілуі тиіс пәтер мәселесі әлі де шешілмеді. Министрлік баспананын неліктен белілмегенін не ауызша, не жазбаша түсіндірмеді. Үкімет басшылары бұл жағдайды қайта қарап, мәселені шешіп беруін сұраймын. Себебі заңда жеке орын алған спортшыға сыйақы беріп, коммандылық спортта жүлдегер атанғанға берілмесін деген жоқ.

Ал жауапты басқарма басшылығы «бұл министрлікте қаралып жатыр» дегенмен шектелді. Дегенмен аталған салаға биыл екі есе қаржы сұраған көрінеді. 

Нұржан Жолдасбеков, облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары:

- Спорт клубына бүгінгі күні 25 млн қарастырылып отыр. Ал енді қажеттілік қосымша тағы 24 млн.ды құрап отыр. Сондықтан басқарма тарапынан облыс әкімдігіне қосымша хат жолданып аталған қаржы сұратылды. Енді қорытындысын біз облыстық мәслихаттың шешімінде анықтайтын боламыз.

Параспортшыларға сурдоаудармашы қажет. Дегемен, клуб ұсынған азғантай жалақыға маман тұрақтамайды. Сондықтан клуб басшылығы министрлік бекіткен заңнамаға өзгерістер енгізуін сұрайды. Сонымен қоса арнайы спорт кешенін салып беруді де өтінген. Дегенмен спорт сарайын салып береміз деген уәде сөз жүзінде қалды.

Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә