Джиу-джитсу шеберлері әлем чемпионатында топ жарды

Джиу-джитсу шеберлері әлем чемпионатында топ жарды

11 алтын, 8 күміс және 8 қола. Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері әлем чемпионатында осындай жетістікке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байрақты бәсеке дәл қазір Біріккен Араб Әмірлігі астанасы Абу-Даби қаласында өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күндері 16 жасқа дейінгілердің бәсекесі өтті. Бұл сында Болашақ Сүйекенов, Біржан Қабидулла, Расул Тұрсынғазы, Абдулла Батырбек, Тимур Госс,  Артур Пиха, Ислам Садықжанов және Ғали Батес сияқты жерлестеріміз алдына жан салмай, әлем чемпионы атанды. Ал, қыздар арасында қазақстандық Арай Серікбай, Мария Леликова және  Лейла Рахимжанова барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Осының арқасында ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді. Енді 18 және 21 жасқа дейінгілердің бәсекесі болады. Одан кейін ересектер өзара мықытны анықтайды. Айтулы аламанда ел намысын бас-аяғы 159 спортшы қорғамақ. Ал, қатысушылардың жалпы саны 1500-ден асады. Абу-Даби қаласындағы жарыстың жалпы қорытындысы 9 қарашада белгілі болады.

БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Жарыс басталып үлгерген жоқ. Ал ұлттық құрама қоржынында 3 медаль бар. Сары Құрлықтың ең үздік боксшылары қазір Иорданияда бас қосып, Азия чемпионаты алдындағы соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Биылғы бәсекеде бас-аяғы 29 елден 200-ге жуық спортшы бағын сынайды. Дүбірлі дода алдында жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде ерлер арасында 7 боксшымыз жарысқа екінші айналымнан араласатын болды. Ал қыздар арасында 3 боксшымыз қазірден жүлдеге ілігіп тұр. Яғни, ауыр салмақтарда қатиысушылар санының аздығынан Мәдина Нұршаева, Гүлсая Ержан және Ләззат Күнгейбаева сияқты жерлестеріміз бірден жүлдеге таласты бастайды.

Қайрат Сәтжанов пен Шәміл Сафиуллин баптайтын ұлттық құрама Аммман қаласына бірер күн бұрын жетіп, кешенді жаттығу жүргізіп жатыр. Алдағы жекпе-жектерге жоспар құрдық дейді. Әсіресе, ең жеңіл салмақтағы Санжар Тәшкенбай ә дегеннен жарытың басты фавориті өзбекстандық жігітпен жолығатын болды. Бұған қоса, ауыр салмқатағы Қамшыбек Қоңқабаев құрамаға қайта оралды. Тағы бір ерекшелігі қазақстандық командадада екі егіз жұп бар. Яғни ел намысын Айбек және Нұрбек Оралбайлар мен Саматәлі жәнеСанатәлі Төлтаевтар қорғайды. Азия чемпионаты бүгін басталады және 13 қарашаға дейін жалғасады.