Головкин мен Зерафа жұдырықтасуы мүмкін

Головкин мен Зерафа кездесуі мүмкін. Бұл жөнінде аустралиялық боксшы жергілікті спорт арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Яғни Майкл Зерафа мен Генадий Головкин командалары арасында ауызша келісім бар. Оның негізінде қос мықты алдағы жылы наурызда Аустралияда жолығып, орта салмақтағы  әлем чемпионы атағын сарапқа салады. Айта кетейік, 30 жастағы Майкл Зерафа бүгінге дейін 34 жекпе-жек өткізіп, оның 30-ында жеңіске жетті. Тіпті 19-ын уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Генадий Головкин көрсеткіші 45 жекпе-жек, 42 жеңіс. Қазақстандық боксшы алдағы кездесу туралы әзірге пікір білдімеді. Өйткені, аталған аралықта жерлесіміз IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белдікке үміткер бразилиялық Эскива Фалькаомен де жолығу қажет. Еске сала кетейік, қазіргі таңда Головкин еншісінде WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белдіктер бар.

Сондай-ақ...