Таразда еркін күрестен халықаралық турнир басталды

Таразда еркін күрестен ересектер арасындағы халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Палуандар бәсекесі Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған. 3 күнге жоспарланған жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өтіп жатыр. 8 елден келген 143 палуан, 10 салмақ дәрежесі бойынша кім мықтыны анықтайды. Айта кетейік, бұл турнир 2007 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді. Жүлде қоры ауқымды. 33 милион теңге. Жарыс жеңімпазына 4 000 АҚШ доллары берілсе, II орынға 2 000, 3-орынға 500 АҚШ доллары қарастырылған. Әрі әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз спортшының жаттықтырушысына – 500 АҚШ доллары беріледі. Мамандар халықаралық бұл жарыстың отандық спортшыларға тәжірибелік тұрғыда берері көп дейді. 

Марат Нұржанов, жарыстың бас төрешісі:

– Бүкіл әлемдік күрес қауысдастығы бар. Сол күрес қауымдастығына кіретін ереже бойынша өтеді. Осы жарыс біздің балаларымызға болашақта, келесі жылы өтетін Азия ойындарына және лицензиялық әлем біріншіліктерінде үлкен үлесін қосады.

 

Сондай-ақ...