Қазақстан ҰҚ Билли Джин Кинг Cup турнирінің ақтық сынына алғаш рет қатысады

Теннистен әйелдер арасындағы құрама командалардың әлем чемпионаты аяқталып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтық сын 8-13 қараша аралығында Глазгода өтеді. Жыл сайынғы шараға федерация кубогы деген айдар тағылып келген. Қазір әлемнің бірінші ракеткасы болған Билли Джин Кинг атымен аталады. Жарысқа 12 мемлекет қатысып жатыр. Олар 4 шағын топқа бөлінген. Әр топтың жеңімпазы ақтық сынға жолдама алады. Міне Қазақстан да осы саптан көрінді. Қазір спортшыларымыз Шотландияда дайындалып жатыр.

Жібек Құламбаева, Қазақстан құрамасының ойыншысы:

- Біз топтық кезеңде Ұлыбритания мен Испания құрамасын жеңуіміз керек. Әрине, алғашқыларын басып озу қиындау болады, өйткені жарыс олардың отанында өтіп жатыр. Екінші де әлемдік рейтингте бізден жоғары тұр. Испандықтар 3 орында. Қазақстан – 9 орында. Бұл қағазда жазылған көрсеткіш. Шынайы мықтыны ойын көрсетеді. Біздің әлеуетіміз жаман емес.

Сондай-ақ...