Үндістанда Месси мен Неймардың алып мүсіндері пайда болды

Үндістанның оңтүстігіндегі Пуллавур ауылында әйгілі футболшы Лионель Месси мен Неймардың алып мүсіндері пайда болды.

Биіктігі 10 метрдей болатын макеттер өзеннің үстіне қойылған. Жергілікті жанкүйерлер оларды Катарда алдағы аптада басталатын футболдан әлем чемпионатын атап өту үшін тұрғызған. Әлеуметтік желіде танымал болған ауылдықтар, енді португалдық шабуылшы Киштиану Роналдудың макетін орнатуды көздеп отыр.