Теннистен әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты басталады

Ертең теннистен әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты Билли Джин Кинг Кубогы басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байрақты бәсекені Шотландияның Глазго қаласы қабылдайды. Бас жүлдені сарапқа салатын 12 команда арасында қазақстандық қыздар да бар. Қазір олар жарыс алдындағы соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Жерлестеріміз топтық кезеңде Испания және Ұлбыбритания құрамаларымен жолығады. Мақсат – екеуін де ұтып, жартылай финалға жолдама алу. Бас жүлдеге талас та осы жерде өтеді. Байрақты бәсеке 13-ші қарашаға дейін жалғасады.

Айта кетейік, қазақстандық қыздар қазір командалық әлемдік рейтингте 9-сатыда тұр.