loader


Теннистен Қазақстан - Ұлыбритания матчына дайындық. LIVE

Әлемнің ең үздік теннисшілері Шотландияның ірі қаласы Глазгода әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында бақ сынайды.

Билли Джин Кинг кубогы деген атпен танымал бәсеке бірер сағаттан соң басталады. Ақтық сында өнер көрсететін 12 құрама арасында жерлесіміз де бар. Команда капитаны Ярослава Шведова бастаған қазақстандық қыздар қазір дайындық үстінде. Қазақстан теннис федерациясының баспасөз хатшысы Асқар Ағатаев әлемдік дода өтетін орында жүр. Ол қазір бізбен тікелей байланысқа шығуға дайын.

Қазір ұлттық құрама қатарындағы теннисшілеріміздің рейтингі қарсыластарына қарағанда жоғары. Бұл - топтық кезеңнен оңай өтіп, жартылай финалға жолдама аламыз дегенді білдіре ме? Қыздарымызда жеңіске деген сенім бар ма?

Бұған дейін Дэвис кубогында өнер көрсеткен теннисшілеріміз легионерлер болғаны рас. Ал осы жолы қыздар арасына Жібек Құланбаева секілді отандастарымыз қосылыпты. Қазақ қыздарының теннистегі қарымы қандай? Алдағы уақытта тек өз спортшыларымыз өнер көрсететін деңгейге жетеміз бе?

Сондай-ақ...