Дзюдодан әлем чемпионаты: Ұлттық құрама 2 алтын және 3 қола медаль иеленді

Дзюдодан әлем чемпионаты: Ұлттық құрама 2 алтын және 3 қола медаль иеленді

Бакуде өткен пара дзюдодан әлем чемпионатында спортшыларымыз 2 алтын және 3 қола медаль иеленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел намысын ұлттық құраманың 18 мүшесі қорғады. Соның бірі – Ақмарал Науатбек. Бұрымды спортшы пара дзюдодан әлем чемпионатында топ жарып, ел бойынша әйелдер арасында алғаш болып алтынға қол жеткізді.

Ақмарал Науатбек, Пара дзюдодан әлем чемпионы

- Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. 41 елден спортшылар келді. Барлығына алғыс айтамын осылай күтіп алып жатқандарына. Алдағы уақытта бізде Азия чемпинаты бар Астанада және де одан кейін Азия ойындары сосын әлемдік ойындары бар.Сол 3 жарыста мені көре аласыздар.

Ерлер арасында 73 келіде сынға түскен Ерғали Шамей де ел қоржынына алтын салды. Пара дзюдодан әлем чемпионаты төрт жылда бір өтеді. Бакудегі бәсекеге бұл жолы 40 шақты елден 300-ден аса спортшы қатысқан.