loader

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы Дензель Бентлиді жеңді

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы Дензель Бентлиді жеңді

Жәнібек орта салмақтың үздігі екенін кезекті рет дәлелдеді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында британиялық Дензель Бентлимен жұдырықтасты. Кейінгісі бүгінде дейін 19 жекпе-жек өткізіп, 17-сінде жеңіске жеткен және WBO чемпиондық белдігіне үміткерлер тізімінде 14-орында тұр. Ал Жәнібек осы белдіктің иегері және оны алғаш рет қорғау үшін шаршы алаңға шықты. Қос мықты арасындағы айқас 12 раундқа созылды. Кездесуден кейін төрешілер шешімімен жерлесіміз жеңімпаз атанды. Осылайша Жәнібек Әлімханұлы өз кәсіпқой мансабында 13 кездесу өткізіп, 13-інде де жеңіске жетіп отыр. Бұған қоса, WBO чемпиондық белдігін сәтті қорғап, өзінде сақтап қалды.

Сондай-ақ...