Қазақ қыздары Әлем кубогы мен Азия чемпионатынан олжалы оралды

Гимнаст қыздарымыз Әлем кубогы мен Азия чемпионатынан олжалы оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос бәсекені Малайзия астанасы Куала-Лумпур қабылдаған болатын. Алматының «Кербезі» мен «Санрайс» және «Виаль- микс» командалары әртүрлі жаттығулар бойынша 11 алтын 8 күміс және 3 қола жеңіп алды. Бұл спорт түрі  біздің елде ғана емес жалпы әлемде кенже дамыған. Көркем гимнастикаға ұқсас келетін эстетиканың өзіндік ерекшеліктері бар. Әртүрлі жастағы қыз балаларға арналған командалық спорт түрінде кілем үстіндегі синхронды биі арқылы бағалайды. Ауызбіршілігі мол Алматылықтар мықты екендіктерін Малайзияда мойындатты. Енді алда әлем чемпионаты тосып тұр. Қазақстан құрамасы қарашаның соңында Австрияны бетке алады.  

Аяулым Асылбек, Азия біріншілігінің күміс жүлдегері: 

- Алдыда 23-ші қараша күні бізде әлем чемпионаты Австрияның Грас қаласында өтеді. Біз елімізді жақсы деңгейде үлкен деңгейде көрсетуге дайынбыз. Және де біздің мақсаттарымыз спорт шеберін алу. Сонымен қатар, біз әлем чемпионаттарында Әлем кубоктарында өзімізді көрсетуге дайынбыз.

Сондай-ақ...