Баскетболдан Қазақстан Жапонияға есе жіберді

Баскетболдан Қазақстан Жапонияға есе жіберді

Баскетболдан 2023 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің 2-ші раунды жалғасып жатыр.

Қазақстан құрамасы бұл жолы өз алаңында жапон жігіттерін қабылдап, ірі есеппен ұтылды. Қорытынды нәтиже: 61:81. Бас бапкер Олег Кисилев матч алдында капитанды ауыстырған болатын. Яғни Рустам Мырзағалиевтің орнына Шаим Қуановты қойды. Бірақ бұл елордадағы кездеуде ешқандай пайда әкелмеді. Ірі есеппен жеңілген жерлестеріміз өз тобында 5-ші сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, «Ф» тобында Қазақстан мен Жапониядан бөлек, Қытай, Аустралия, Иран және Бахрейн командалары бар. Жерлестеріміз бұған дейін өз алаңында Қытай мен Аустралияға ұтылды. Сонымен қатар сырт алаңда дәл осы Жапониядан 73:48 есебмен жеңілді. Әлем чемпионатының өзі алдағы жазда, яғни тамыз айының соңында үш бірдей елде өтеді. Оны Жапония, Филиппин және Индонезия қабылдайды.