Жәнібек Әлімханұлы мен Геннадий Головкин кездесуі мүмкін бе?

Орта салмақтағы қос мықтының айқасы туралы біраздан бері айтылып жүр.

Ал күні кеше  Жәнібектің  бапкері Бадди Макгирт осыған қатысты өз пікірін білдірді.

«Екі боксшы да Қазақстанның өкілі. Бірақ, бірге жаттығу жүргізбейді. Спаррингтер өткізбейді. Жалпы шаршы алаңда жолығуы да екіталай. Қазір ештеңе белгісіз», – дейді Макгирт. Алайда орта салмақтағы тағы бір чемпиондық белдіктің иегері Джерамал Чарломен кездесу қызықтырақ екенін алға тартты. Яғни қазақстандық және америкалық боксшылар өзара мықтыны анықтап, чемпиондық белдіктерін біріктіре алады. Қалай болғанда да Жәнібек қазір еліне оралып, бірер ай тынығады. «Ал кешенді жаттығу жұмыстарына алдағы жылдың басында кірісеміз», – деп сөзін түйді бапкер. Айта кетейік, Жәнібек бүгінгі таңда WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы және жуырда ғана өз атағын қорғап қалды. АҚШ төрінде британдық Дензель Бентлиді төрешілер шешімімен жеңген болатын. Осы арқылы кәсіпқой бокстағы көрсеткішін 13 жекпе-жек, 13 жеңіске жеткізді.