Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы аясында кезекті рет есе жіберді

5 матч бойы бірде-бір шайба соға алмады. Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы аясында кезекті рет есе жіберді.

Қазақстандық клуб бұл жолы ресейлік "Автомобилист" командасымен жолыққан болатын. Екатеринбург қаласында өткен мачта қос шайба соғылды. 7-ші минутта алаң иелері сапындағы  Ник Эберт есеп ашса, 36-шы минутта командаласы Брукс Мэйсек оны еселей түсті. Қорытынды нәтиже: 2:0.

Айта кету керек, Андрей Скабелка баптайтын жігіттер маусым басталғалы бері 5 мачта осылай бірде-бір гол соға алмады. Ал   Автомобилист үшін бұл қатарынан төртінші жеңіс саналады. Сәйкесінше, алаң иелері қазір Шығыс Конференциясың 1-ші, ал «Барыс» 8-ші сатысына жайғасты. 9-шы орындағы «Тарктор» мен «Барыстың» арасын 1 ұпай ғана бөліп тұр. Астаналық клуб кезекті кезедесуін 19 қарашада өз алаңында өткізеді. Қарсыласы – Хабаровск қаласының «Амур» командасы.

Сондай-ақ...