Елордада мәнерлеп сырғанаудан балалар мен жасөспірімдер арасында ашық чемпионат өтті

Оған Алматы мен Астана қаласы  және өзге 6 аймақтан 250-ге жуық қатысушы жиналды.

Жас спортшылардың жарысы үш күнге созылды және олар еркін бағдарлама бойынша ғана өнер көрсетті. Бүлдіршіндерден бөлек, спорт шебері мен спорт шеберіне үміткер ұл-қыздар да мұзға шығып, өзара мықтыны анықтады. Әртүрлі жас деңгейінде Софья Журавлева, Алиса Сичковская,   Ескендір Ермағамбетов, Даниэль Минеев және Еркебұлан Төлен сияқты өрендер топ жарды. Жарыс қорытындысы бойынша осындай 24 спортшы іріктеліп алынып, олардан қалалық құрама жасақталды. Айта кетейік, ASTANA OPEN бәсекесі екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып тұр және алдағы жылдары да оны тұрақты өткізу жоспарлануда.