Футболдан жолдастық кездесу: Қазақстан мен БАӘ құрамалары кездеседі

Футболдан жолдастық кездесу: Қазақстан мен БАӘ құрамалары кездеседі

Ташкентте кеткен есені Абу-Дабиде қайтаруға тырысады.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасына жетіп, кезекті жолдастық кездесуге дайындықты бастады. Магомед Адиев баптайтын жігіттер бұл жолы жергілікті құрамамен жолығады. Матч ертең елорда уақытымен 21:30-да басталады.

Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінің футболшылары бұған дейін қатарынан 4 рет жеңіліс тапты. Әсіресе Аргентина құрамасынан 5:0 есбімен ұтылған болатын. «Енді алдағы ойында осы сәтсіздіктер сериясын тоқтатуға тырысады», – дейді спорт мамандары. Бұған қоса, бұл ойынға ұлттық құрама сапындағы Рамазан Оразов қатыспайды. Ол Өзбекстанмен болған ойында көз жарақатын алды деп хабарлайды отандық Футбол федерациясы. Қалған жігіттер бабында. Тіпті құрамаға Бауыржан Исламхан да оралды. Ол екі жыл бұрын допинг дауына байланысты үлкен спорттан шеттетілген болатын. Бауыржан Ташкентте өткен мачтқа да қатысты. Бірақ мергендігімен көзге түсе алмады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ойын 2:0 есебімен аяқталған болатын.