Қазақстандық мергендер Азия чемпионатында үздік атанды – Оңтүстік Корея

Пневматикалық қарумен оқ атудан өткен Азия чемпионатында спортшыларымыз лайықты өнер көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайыс Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында болып, оған 17 елден 234 мерген қатысты. Чемпионатта бақ сынаған он сегіз қазақстандықтың он бірі елге медальмен оралды. Жеңімпаздармен Оңтүстік Кореядағы тілшіміз Владислав Цой кездескен еді.

Владислав Цой, тілші:

– Оқ атудан Азия чемпионатын әлем біріншілігі деп атауға болады, өйткені спорттын бұл түрінен дүние жүзінде азиялык командалар үстем. Бұл Қытай, Үндістан және Оңтүстік Корея. Қазақстан әлемдік рейтингте 4-5-орында. Ал Тэгу қаласында өткен Азия чемпионатында біздің спортшылар жеңіс тұғырына бір емес , бірнеше рет көтерілді.

Чемпионаттың соңғы күні пневматикалық тапаншадан ату бойынша ер мен әйел жұптар бақ сынасты. Қазақстан атынан 2 команда қатысып, финалға Ирина Юнусметова мен Валерий Рақымжан шықты. Алтын медаль үшін болған кездесуде Үндістаннан келген жұп мықтылығын көрсетті.

Валерий Рақымжан, оқ атудан XV Азия чемпионатының күміс жүлдегері:

– Финалда, әрине, тәжірибе жеткіліксіз болды. Үндістан құрамасы бізге қарағанда қиналмағаны анық. Финалда аяғым, қолым дірілдеді.

Чемпионатқа Қазақстан атынан 12 ересек пен 21 жасқа толмаған 5 және 18 жасқа толмаған 1 спортшы қатысты. Мергендер 2 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

Ольга Довгун, ҚР оқ атудан бас бапкері:

– Осыдан 3 жыл бұрын мен бұл команданы қабылдаған кезде бапкерлік штабтың мақсаты – команданы жасарту міндеті болатын. Енді міне, осы ұжым өсіп, күш жинап келеді. Ол күшейді, өзіне сенімді болды. Құраманың 90 пайызы жасөспірімдер, бірақ олардың барлығы ересектер санатында сайысқа шығады.

Спортшыларымыз биыл Әзербайжан мен Кувейтте дайындықтан өтті. Үш мергеніміз әлемдік рейтингтің алғашқы жиырмалығына енді. Бұл Ислам Үсеинов, ол 7-орында. Ирина Юнусметова 11-ші, Никита Чирюкин 12-орында. Үш үздік спортшымыз тоғыз күннен кейін Мысырға аттанады. Каирде Халықаралық оқ ату спорты федерациясы президентінің кубогі өтеді.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян