Александр Винокуров сайлауда дауыс берді

Қазақстандық спортшылар да таңертеңнен бері сайлау учаскелеріне ағылып, өз таңдауын жасап жатыр.

Мәселен, олимпиада чемпионы Александр Винокуров осы мақсатта арнайы елге оралдым дейді. Ол дауыс беру орнына ата-анасымен бірге келді. Біздің тілшілерге берген сұхбаты барысында, отандық велоспорттың дамуы мен оған мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауды да ерекше атап өтті.

Александр Винокуров, Олимпиада чемпионы:

- Президент сайлауы кез келген ел үшін өте маңызды және  жауапты саяси науқан. Сондықтан оған бей-жай қарауға болмайды. Мен де бүгін азаматтық ұстанымыма сай келетін кандидатқа дауысымды бердім. Елорда жұрты сайлауға өте белсенді қатысып жатқаны қуантады.