Эквадор Катарды жеңді

Эквадор Катарды жеңді

Эквадор Қатарды жеңді.

Футболдан төрткүл дүние тағатсыздана күтіп жүрген әлем чемпионаты басталды. Байрақты бәсекені Қатар елі қабылап жатыр және алғашқы жарыс күні алаң иелері «А» тобындағы қарсыласы Эквадор құрамасымен жолықты. Ә дегеннен қонақтар белсенді ойнап, матч басында Эннер Валенсия мергендігімен көзге түсті. Бірақ ол ойыннан тыс қалғаны үшін есепке алынбады. Артынша осы футболшыға қатысты өрескел ереже бұзылып, 11 метрлік айып добы белгіленді.  Эннер Валенсия оны сәтті орындады. 

Айта кету керек, әлемдік футбол тарихында алғаш рет әлем чемпионатының бірінші голы пенальтиден соғылып тұр. Эквадор құрамасы ойны қарқынын одан сайын күшейтіп, 31-минутта, тіпті есеп айырмасын еселеді. Авторы тағы да Валенсия. 

Қорытынды есеп 2:0. Осылайша Эквадор үш ұпай иеленіп, өз тобының бірінші сатысына көтерілді. Ал Қатар алдағы ойындарда есе қайтаруға тырысады. Бұл топта қос құрамадан бөлек Нидерланды мен Сенегал бар. Олар бүгін өзара мықтыны анықтайды. Тағы бір қызықты дерек осыған дейінгі әлем чемпионаттарының алғашқы матчында жарыс иелері жеңіске жетіп келген. Ал күні кешегі  жеңіліс 92 жылға жалғасқан серияны үзді. Қалай  болғанда да биылғы байрақты бәсекеге 32 команда қатысады. Ал жарыстың өзі 18 желтоқсанға дейін жалғасады.