loader

Қазақстан тарихта алғаш рет батутты гимнастикадан әлем кубогін ұтты

Қазақстан тарихта алғаш рет батутты гимнастикадан әлем кубогін ұтты

Қарағандылық Данил Мұсабаев Қазақстан тарихында тұңғыш рет батутты гимнастикадан әлем кубогін жеңіп алды.

Жерлесіміз биылғы жылы өткен 4 бірдей турнирдің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған. Серіппелі тор үстінде 7-8 метр биіктікке секіріп, шамамен 30 секунд ішінде 10 түрлі элемент жасаған. Қазір әлем елдері арасында батутта секіру спортынан Беларусь, Қытай және Жапония командалары көш бастап тұр.

Данил Мұсабаев, батутты гимнастикадан әлем кубогінің иегері:

- Биыл Жапония елінде Азия ойындары өтуі керек еді, мен сол жарысқа барымды салып дайындалдым. Бірақ өкінішке орай, турнир өтпей қалды. Соған қарамастан менің жыл бойғы нәтижелерім жоғары болды. Енді келер жылы Олимпиада ойындарына іріктеу басталады. Сол кезде төрт жылда бір келетін байрақты бәсекеге жолдама жеңіп алсам деген ниеттемін. Қазір жаттықтырушымен бірге дайындықты бастап кеттік.

Сондай-ақ...