loader

ӘЧ: Бразилия сербияны жеңді

ӘЧ: Бразилия сербияны жеңді

Бразилия Сербияны жеңді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатардағы әлем чемпионатының кезекті жарыс күні байрақты бәсекенің басты фавориті және бұған дейін бес мәрте топ жарған Бразилия құрамасы өнер көрсетті. Топтың кезеңдегі алғашқы матчта олар Сербия құрамасымен жолыққан болатын. Матч барысында қос гол соғылды және екеуінде де «Тотенхем» шабуылшысы Ришарлисон мергендігімен көзге түсті.

Айта кету керек, 2 гол да екінші кезеңде тіркелді. Бұған қоса, 80-ші минутта Бразилия үздігі Неймар жарақат алып, жасыл алаңнан кетуге мәжбүр болды.  Оның алдағы ойындарға қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз. Қалай болғанда да сенімді түрде жеңіске жеткен Бразилия үш ұпайға қол жеткізіп, өз тобының көшін бастады. Енді олар кезекті матчын 28-ші қарашада өткізеді. Ал келесі қарсыласы - Швейцария құрамасы.

Сондай-ақ...