ШҚО-да «Қыс-2022» оқу-жаттығу шарасы өтті

37градус аяз. Магистральды су құбыры жарылды. Жұрт жылусыз қалды.  

Бұндай жағдайда құтқарушылар мен коммуналдық сала мамандары қалай әрекет етуі керек?  «Қыс 2022» оқу- жаттығу шарасында осындай оқыс оқиғаларға дайындық  пысықталды.  Жоспарға сай,  апат болған жерге алдымен  Төтенше Жағдайлар Департаментінің өкілдері жетті. Олар ақаудың көлемі мен ауқымын анықтап,  тиісті коммуналды қызмет бригадасын шақыртып, ары қарайғы жұмыстарға жетекшілік етеді. Осылайша «Өскемен водоканал» мекемесінің мамандары желіде болған ақауды жою жұмыстарымен айналысады. Бұл кезде сала мамандары қосымша көмек күшін жұмылдырып, техникамен қамтуға әзір отырады. Осы екі жақты іс-қимыл арқасында ғана коммуналдық апатты тез жойып, шаһар тұрғындарының  қалыпты өмірге оралуына жағдай жасалады.  Биылғы оқу жаттығу жоспары ретінде су құбырындағы апаттың таңдалуы  бекер емес.

Валентин Литвиненко,  Өскемен қаласы ТЖБ аға офицері:

- Өлкеде  аязды күндер өте көп.Сондықтан біз осы жаттығу арқылы үскірік кезінде қалай бірлесе әрі нәтижелі жұмыс істеу керектігін бір рет пысықтап алдық. Әсіресе қандай жағдайларға баса назар аудару керегін бірге анықтадық.