Қазақстанның гандбол құрамасы Гонконг пен Таиландты жеңді

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан гандболдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетуде.

Біздің спортшылар Қытай құрамасынан жеңілді. Бірақ Гонконг пен Таиландты басып озды. Тайланд құрамасын 30:24 есебімен ұтты. Екінші таймда қарсыластар бірінші голды тек 8-минутта ғана соқты. Қақпаны бірден үш спортшы қорғады. Ұлттық құраманың келесі қарсыласы жапондар. Кездесу 30 қараша күні өтеді. Айта кетейік, Жапония мен Оңтүстік Корея құрамалары әлі бірде-бір кездесуде жеңілген жоқ. Егер жапондарды жеңген жағдайда гандболшыларымыз жартылай финалға шығып, келесі жылы Дания, Норвегия және Швецияда өтетін әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салады.

Валентина Дегтярева, Қазақстан Гандбол федерациясының бас хатшысы:

- Спортшылар алдына қойған мақсаттар мен міндеттерін жартылай орындады. Яғни жастардың нәтижелі ойнағанын қаладық. Біз онымен жұмыс істейтін боламыз. Кем-кетікті түзеуге атсалысамыз.