ӘЧ: Хорватия Канаданы ұтты

Бір матчта 5 гол соғылды. «Ф» тобындағы қалған 2 команда, яғни, Хорвария мен Канада құрамалары артында өзара мықтыны анықтады және бұл матчтан да көпшілік сенсация күткен. Өйткені, есепті канадалықтар ашты. Бірақ Альфонсо Дэвистің қуанышы көпке созылмады. Қарсыластар бірінші кезең соңына дейін таразы басын теңестіріп, тіпті,  алға шығып та үлгерді. 36-шы минутта Андрей Крамарич, ал, 44-ші минутта Марко Ливайя мергендігімен көзге түсті. Артынша Крамарич дубльдің авторы атанды. Сонымен қатар, қосымша уақытты оның командаласы Ловро Майер де мүмкіндігін мүлт жібермей, қорытынды нәтижені 4:1-ге жеткізді. Сенімді түрде жеңіске жеткен Хорватия қазір өз тобының бірінші сатысында тұр. Ал, Канада ең төменгі орынға сырғыды.